Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Банк ЦентрКредит пен Documentolog компаниясы Open Banking бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Енді Documentolog клиенттері (жеке кәсіпкерлер) Documentolog Market цифрлық қызметтер платформасында банктен несие алуға өтініш бере алады.

3 мин.

31.01.2024

1073

Гүлзат Темірбаева

Digital маркетолог

Банк ЦентрКредит пен Documentolog IT-компаниясы «Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелендіру» API бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Енді Documentolog клиенттері (жеке кәсіпкерлер) Documentolog Market цифрлық қызметтер платформасында банктен несие алуға өтініш бере алады. Бұл шешім B2B секторындағы несиелендіру үдерістерін жеңілдету мен жеделдетуде маңызды қадам болып табылады.

«Documentolog Market – бұл алғашқы цифрлық қызметтер маркетплейсі. Біздің негізгі миссиямыз – жұмыс ортасын тиімдірек және ыңғайлырақ ету, компаниялар арасындағы құжаттар мен қызметтер алмасуды жеңілдету. Documentolog Market Documentolog экожүйесіне кіреді, оның пайдаланушылары бүгінгі күні 100 000-нан астам компаниялар мен 120 000 жеке тұлғалар», – деді Documentolog Market басшысы Амина Байкенова.

Банк ЦентрКредиттің Open API арқылы жүзеге асырылған қызметтің арқасында несиеге өтініш беру, шешім алу және банктен қарыз алу онлайн режимінде бірден мүмкін болады.

«Банк Open API технологияларын дамыта отырып, Қазақстанның қаржы секторы үшін бұл бағыттың маңыздылығын түсінеді. Біз серіктестерімізге олардың бизнесін дамыту мүмкіндіктерін жасай отырып, сапалы технологиялық қызметтер ұсынуға тырысамыз», – деп атап өтті Банк ЦентрКредит Президенті Руслан Владимиров.

«Банк ЦентрКредиттің API-мен жұмыс істеу біздің компаниямыз үшін оң тәжірибе болды. Бұл біздің ынтымақтастығымыздың тек басы, біз елдегі қаржы секторын одан әрі дамыту үшін ауқымды перспективаларды көреміз», – деді Documentolog жобалық басқару директоры Аклия Дзевульская.

Бүгінгі күні кез келген ұйым өз қызметін цифрландыруға өтініш бере алады және Documentolog Market платформасында клиенттері мен серіктестерімен өзара әрекеттесуді онлайн форматқа ауыстыра алады.

Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Тағы оқыңыз

31.03.2026

d8n.ai жүйесіне алғашқы клиенттер жаңартылды

және жүйенің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді

18.03.2026

Documentolog Астанадағы Эко-хабтың дамуын қолдады

Documentolog компаниясы Астанадағы Эко-хаб жобасының негізгі серіктесіне айналды — бұл бастама қалада экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты тұтыну инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.

18.03.2026

Documentolog пен UNICON.UZ цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Тараптар жұмыс кездесуін өткізіп, оның барысында жүйелерді интеграциялау, ақпараттық қауіпсіздік және трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту мәселелерін талқылады.

Сәлем! Сұрақтарыңыз болса, көмектесемін!
Чатқа қосылуда...
ЖасалғанDocumentolog