Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

1С және Documentolog Business интеграциясы: Пилоттық жобаға қосылыңыз!

Интеграцияны пайдалана отырып, сіз 1С интерфейсінен Documentolog Business арқылы барлық контрагенттеріңізге құжаттарды жаппай жібере аласыз. Бұл актілерді, накладнойларды және басқа қаржылық құжаттарды жіберу уақытын 3-4 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

3 мин.

24.07.2024

1794

Гүлзат Темірбаева

Digital маркетолог

1С және Documentolog Business интеграциясы: Пилоттық жобаға қосылыңыз!

Біз Documentolog Business үшін 1С жаңа интеграциялық кеңейтімін ұсынамыз — бастапқы құжат айналымы жоғары компаниялар үшін тамаша шешім.

Интеграцияны пайдалана отырып, сіз 1С интерфейсінен Documentolog Business арқылы барлық контрагенттеріңізге құжаттарды жаппай жібере аласыз. Бұл актілерді, накладнойларды және басқа қаржылық құжаттарды жіберу уақытын 3-4 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

1С-пен интеграция мүмкіндіктері:

🔹 1С-тен Documentolog Business-ке актілер мен накладнойларды жаппай жіберу және қол қою.

🔹 Контрагенттеріңіздің құжаттарды қол қою мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылау.

🔹 Электрондық қолтаңбалардың жарамдылығын онлайн тексеру және верификациялау.

🔹 Электрондық құжат айналымы шешімдерін пайдаланбайтын контрагенттерге де құжаттарды email арқылы жіберу.

Кеңейтім бірнеше минут ішінде оңай орнатылады және бапталады, құжаттарды басқаруға ыңғайлы интерфейс ұсынады. Ол құжаттарды бір рет басу арқылы қол қоюға және жіберуге, олардың мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Болашақ жоспарлар:

Келесі даму кезеңінде біз келісімшарттар, салыстыру актілері және сенімхаттар сияқты басқа құжат түрлерін қолдауды қосуды жоспарлап отырмыз.

Пилоттық жоба қатысушылары шешімді одан әрі дамытуға өз үлестерін қоса алады. Барлық ұсыныстар мен ескертулер функционалды жақсарту үшін қарастырылады.

Бизнес-процестеріңізді оңтайландыру және құжаттармен жұмысты жеңілдету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Пилоттық жобаға қатысуға өтінім қалдырыңыз, біз сізбен байланысамыз.


Documentolog Business

Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Тағы оқыңыз

31.03.2026

d8n.ai жүйесіне алғашқы клиенттер жаңартылды

және жүйенің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді

18.03.2026

Documentolog Астанадағы Эко-хабтың дамуын қолдады

Documentolog компаниясы Астанадағы Эко-хаб жобасының негізгі серіктесіне айналды — бұл бастама қалада экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты тұтыну инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.

18.03.2026

Documentolog пен UNICON.UZ цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Тараптар жұмыс кездесуін өткізіп, оның барысында жүйелерді интеграциялау, ақпараттық қауіпсіздік және трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту мәселелерін талқылады.

Сәлем! Сұрақтарыңыз болса, көмектесемін!
Чатқа қосылуда...
ЖасалғанDocumentolog