Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Қазақстандық компаниялар мен жеке тұлғалар шетелдік контрагенттермен электронды түрде құжат алмаса алады

Documentolog компаниясы Doculite.com сервисінің іске қосылғанын жариялайды, бұл арқылы қазақстандық компаниялар мен жеке тұлғалар әлеммен электронды құжат алмасу мүмкіндігіне ие болады.

3 мин.

07.09.2021

980

Гүлзат Темірбаева

Digital маркетолог

Documentolog компаниясы Doculite.com сервисінің іске қосылғанын жариялайды, бұл арқылы қазақстандық компаниялар мен жеке тұлғалар әлеммен электронды құжат алмасу мүмкіндігіне ие болады. 


5 жыл бұрын Documentolog компаниясы Doculite.kz бұлтты сервисін іске қосып, Қазақстандағы контрагенттер арасында құжат алмасуды қамтамасыз етті. Doculite.kz қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға жақсы таныс және шамамен 100 000 пайдаланушысы бар. 

Жаңа Doculite.com сервисі Doculite.kz-пен интеграцияланған және Doculite сервисінің кеңейтілуі болып табылады, бұл электронды құжат айналымын әлемнің барлық елдерімен жүргізуге мүмкіндік береді.


Байжан Канафин, Documentolog компаниясының бас директоры: “Қазақстандық компаниялар тарапынан электронды құжаттар Doculite.kz-те, қазіргі уақытта да, ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады. Ал шетелдік компаниялар тарапынан – Doculite.com-да Adobe Sign шешіміне негізделген электронды қолтаңбамен. PDF Sign форматы бойынша қолтаңба PDF файлдарына ETSI CAdES, XAdES және PAdES стандарттарына сәйкес сенімді цифрлық сертификат қолдану арқылы енгізіледі. Мұндай қолтаңбалар заңды күшке ие және әлемнің көптеген өнеркәсіптік дамыған елдерінде мойындалады. Біздің қол қою механизміміздің ерекшелігі, біз бір түрдегі гибрид жасадық: doculite.com тарапынан PDF Sign қол қойып, қазақстандық тарапта бұл қолтаңбаны қосымша тексереміз. Осылайша, қолтаңба фактісінің шынайылығын және құжаттың тұтастығын растайтын күшейтілген қол қою схемасы қамтамасыз етіледі”.


Doculite.com-ның жаңа және қызықты ерекшеліктерінің бірі - өз қолтаңбаңызды графикалық түрде салып, құжатты "қолмен" әдеттегі түрде әдемі безендіруге болады. 

Жаңа сервис, Doculite шешімдері сияқты, Freemium моделі бойынша ұсынылады, бұл қызметтерді тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Шетелде бизнес жүргізетін немесе жоспарлайтын барлық адамдар үшін бұл ыңғайлы электронды форматқа көшуге тамаша ынталандыру. 

Бастау үшін doculite.com-да тіркелу жеткілікті, құжаттарды жіберу 2021 жылдың 10 қыркүйегінен бастап қолжетімді болады: келісімшарттар, келісімдер, ресми хаттар, актілер және басқа еркін құжаттар.

Doculite.kz пайдаланатын қазақстандық пайдаланушылар үшін бұл сервис "әдепкі бойынша" қолжетімді болады, қосымша әрекеттер жасаудың қажеті жоқ.


Қызметтер туралы толығырақ: 

https://doculite.com/ 

https://doculite.kz/

Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Тағы оқыңыз

31.03.2026

d8n.ai жүйесіне алғашқы клиенттер жаңартылды

және жүйенің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді

18.03.2026

Documentolog Астанадағы Эко-хабтың дамуын қолдады

Documentolog компаниясы Астанадағы Эко-хаб жобасының негізгі серіктесіне айналды — бұл бастама қалада экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты тұтыну инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.

18.03.2026

Documentolog пен UNICON.UZ цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Тараптар жұмыс кездесуін өткізіп, оның барысында жүйелерді интеграциялау, ақпараттық қауіпсіздік және трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту мәселелерін талқылады.

Сәлем! Сұрақтарыңыз болса, көмектесемін!
Чатқа қосылуда...
ЖасалғанDocumentolog