Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде резидент еместер ЭЦҚ ала алады

Қазақстанның резидент еместері біздің елдің елшіліктері мен консулдықтары арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды (ЭЦҚ) ала алатын пилоттық жоба іске қосылды. Бұл мүмкіндік әзірге 11 елде қолжетімді.

3 мин.

17.01.2022

1055

Гүлзат Темірбаева

Digital маркетолог

Қазақстанның резидент еместері біздің елдің елшіліктері мен консулдықтары арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды (ЭЦҚ) ала алатын пилоттық жоба іске қосылды. Бұл мүмкіндік әзірге 11 елде қолжетімді. Толық тізімді мұнда көруге болады.

Қызмет 2 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.

Осының арқасында, біздің клиенттеріміздің шетелдегі контрагенттермен өзара әрекеттесу процесі жеңілдейді. Алынған ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, резидент еместер заңды электрондық құжаттарды жіберіп, Doculite.com сервисі арқылы Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларымен келісімшарттар жасай алады.

Жұмысты бастау үшін, doculite.com сайтында тіркелу жеткілікті. Сервисте келесі құжат түрлерін жіберу мүмкіндігі жүзеге асырылған: келісімшарттар, келісімдер, ресми хаттар, актілер және басқа да еркін құжаттар.

Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Тағы оқыңыз

31.03.2026

d8n.ai жүйесіне алғашқы клиенттер жаңартылды

және жүйенің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді

18.03.2026

Documentolog Астанадағы Эко-хабтың дамуын қолдады

Documentolog компаниясы Астанадағы Эко-хаб жобасының негізгі серіктесіне айналды — бұл бастама қалада экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты тұтыну инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.

18.03.2026

Documentolog пен UNICON.UZ цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Тараптар жұмыс кездесуін өткізіп, оның барысында жүйелерді интеграциялау, ақпараттық қауіпсіздік және трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту мәселелерін талқылады.

Сәлем! Сұрақтарыңыз болса, көмектесемін!
Чатқа қосылуда...
ЖасалғанDocumentolog