Documentolog қосымшасыҚосымшада ашу

Мүмкіндіктер

logo

Documentolog СЭД-де контрагенттердің сенімділігін тексеру мүмкіндігі енгізілді

Функционал келесі түрде жұмыс істейді: құжаттарды жіберу немесе келісімшарттар жасау үшін корреспондентті таңдағанда, оның сенімділік статусы туралы ақпарат автоматты түрде көрсетіледі, контрагент оның статусына байланысты жасыл немесе қызыл белгімен белгіленеді.

3 мин.

04.11.2020

1137

Гүлзат Темірбаева

Digital маркетолог

Енді Documentolog жүйесінде контрагенттеріңізбен өзара әрекеттескенде, олардың сенімділігін тексере аласыз. 

Функционал келесі түрде жұмыс істейді: құжаттарды жіберу немесе келісімшарттар жасау үшін корреспондентті таңдағанда, оның сенімділік статусы туралы ақпарат автоматты түрде көрсетіледі, контрагент оның статусына байланысты жасыл немесе қызыл белгімен белгіленеді. 

Мысалы, деректерге сәйкес, контрагентке адал емес жеткізуші статусы берілген. Сол кезде контрагентті көрсеткенде, компания атауының жанында қызыл белгі пайда болады, ал оған апарғанда сенімділік көрсеткіштерінің тізімі бар хабарлама көрсетіледі.

Сенімділікті тексеру келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

* Әрекетсіз кәсіпорын; 

* Жалған кәсіпорын;

* Салық кодексінің нормаларын бұза отырып қайта ұйымдастырылған; 

* Тіркеу жарамсыз деп танылған;

* Заңды мекенжай бойынша жоқ;

* Банкроттық;

* Салықтар мен кедендік төлемдер бойынша қарыздар;

* Мемлекеттік сатып алулардың адал емес жеткізушісі;

* Кәсіпорын атауының ескерілген сот істері.

Контрагенттердің статусы туралы ақпарат Doculite сервисі арқылы portal.goszakup.gov.kz және kgd.gov.kz базаларындағы компаниялардың БИН-дері бойынша жаңартылады 


Функционал Documentolog СЭД-і 7.9.1 және одан жоғары нұсқасына жаңартылған клиенттер үшін қолжетімді болады.

Сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Тағы оқыңыз

31.03.2026

d8n.ai жүйесіне алғашқы клиенттер жаңартылды

және жүйенің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді

18.03.2026

Documentolog Астанадағы Эко-хабтың дамуын қолдады

Documentolog компаниясы Астанадағы Эко-хаб жобасының негізгі серіктесіне айналды — бұл бастама қалада экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты тұтыну инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.

18.03.2026

Documentolog пен UNICON.UZ цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Тараптар жұмыс кездесуін өткізіп, оның барысында жүйелерді интеграциялау, ақпараттық қауіпсіздік және трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту мәселелерін талқылады.

Сәлем! Сұрақтарыңыз болса, көмектесемін!
Чатқа қосылуда...
ЖасалғанDocumentolog